
Ит иелеріне есткертпе жасалды
Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау» туралы Заңына сәйкес, иттер мен мысықтарға сырға тағып, чип салып, оларды арнайы есепке қою міндеттеледі. Осыған орай аудандық ветеринариялық станциясының ұйымдастыруымен қазан айының 29 күні арнайы рейд өтті.
Аудан орталығында өткен рейдке аудан әкімінің орынбасары М.Шайжанов, аудандық ветеринариялық станциясы директоры А.Есенаманов, аудандық инспекция басшысы Е.Сүйеуғалиев, полиция қызметкерлері қатысты.
Шараның басты бағыты – итті үйден қысқа қарғы баусыз, ілмек немесе тұмылдырық кигізбей шығаратын, иттерін кез келген жерге қоя беретін, тиісті талаптарды орындамайтын үй жануарлары иелеріне еспкертпе жасау.
Ауыл ішінде, көшелерде иесіз иттердің топ-тобымен жүруі, ветеринарлық тексеруден өтпеуі қазіргі басты мәселелердің бірі. Қаңғыбас иттердің көшедегі адамдарға шабуылының алдын алу, балалар қауіпсіздігін қорғау үшін мамандар арнайы шаралар өткізеді.
Өткізілген рейд барысында тұрғындарға жадынама таратылып, сауда орындарына ескертпе парақшалары қойылып, ілмек немесе тұмылдырық кигізбей шығаратын, иттерін кез келген жерге қоя беріп серуендететін, тиісті талаптарды орындамайтын үй жануарлары иелеріне ескертулер берілді.