
Бүгін аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев Үшағаш, Соналы, Шөптікөл ауылдарында болып, жергілікті тұрғындар алдында есеп берді.
Алдымен жиналған жұртшылық алдында есеп берген округ әкімі Ермек Бекболатұлы округ бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, алдағы жылы атқарылар жоспарымен бөлісті.
Ауыл тұрғындары алдында есеп берген аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, ағымдағы жылы атқарылар жұмыстарды назарға салды.
Жиын соң аудан басшысы жеке қабылдау жүргізді.