
Республика күніне көкпар ойыны өтті
25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Қаратөбеде ұлттық ат спорты көкпардан аудан біріншілігі оздырылды.
Аталған дүбірлі додаға төрт команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Мерекеге орай ұйымдастырылған ұлттық ойынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан барша қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, көкпаршыларға сәттілік тіледі.
Көкпар ойынының қорытындысында І орынды "Жусандыой" көкпар командасы жеңіп алды. ІІ орынды "Қаратөбе" командасы иемденсе, ІІІ орынға "Бірлік" командасы тұрақтады. "Жеңіске деген жігері үшін" аталымымен "Қоржын" командасы марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.