
Үшағашта жаңа медициналық пункт ашылды.
Бүгінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында көптеген жетістіктерге жетіп, денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер жүзеге асып жатыр. Солардың бірі елдімекендердегі медициналық пункттердің салынуы.
Жаңа медициналық пункттің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Каналиев, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев қатысты.
Үшағаш ауылындағы медицианалық пункттің ашылу салтанатында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Үшағаш ауылының тұрғындарын жаңа медициналық пункттің ашылуымен құттықтады.
– Құрметті қаратөбеліктер, Үшағаш ауылының тұрғындары бүгін ауылдарыңыздағы жаңа медициналық пункттің ашылу салтанатына келіп отырмыз. Айырықша маңызға ие "25 қазан - Республика күні" мерекесі қарсаңында ауылдарыңызда керемет жаңалық болып жатыр. Қуаныштарыңызға ортақпыз. Жаңа медициналық пукттеріңіз құтты болсын.
Жақында Бөрлі ауданында 2 медициналық нысан пайдалануға берілді. Кеше ауданның Ханкөл ауылында медициналық пункт ашылды.
2023-2025 жылдар аралығында облысымызда 50 - ге тарта денсаулық сақтау нысандары бой көтереді, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы.
Ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтаған ауыл ардагері Күләш Қуанышева осындай керемет денсаулық сақтау нысанын салып, пайдалануға берген мемлекет басшысына, облыс және аудан басшыларына ауыл тұрғындары атынан үлкен алғысын білдіріп, медицина саласының қызметкерлерінің қызметіне сәттілік тіледі.
Ауылдағы медициналық пункттің құрылысын жүргізген «Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Асет Сапаров медициналық пунктінің фельдшері Гүлсайран Ахмедияроваға жаңа медициналық пункттің кілтін табыстады.
Медициналық пункттің лента қию рәсімін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен ауыл ардагері Күләш Қуанышева жүргізді.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Ербол Меңдіғалиев Бақытжан Қаберұлын жаңа нысанның жұмысымен таныстырды.