Қаратөбеде Республика күні мерекесіне орай оқушылар арасында «Көк тудың желбірегені» атты аудандық ақындар айтысы өтті

Қаратөбеде Республика күні мерекесіне орай оқушылар арасында «Көк тудың желбірегені» атты аудандық ақындар айтысы өтті

Қаратөбеде Республика күні мерекесіне орай оқушылар арасында «Көк тудың желбірегені» атты аудандық ақындар айтысы өтуде. Айтысты аудан әкімдігі, Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық білім беру бөлімі және «Балалар шығармашылық үйі» ұйымдастырды.

Дүбірлі айтысқа 14 балғын ақын қатысып, шымкесте өлең өрнегін төгілтіп, сөз маржанын терді. Айтысқа сусап келген тұрғандар сөзден қамшы өрген арқалы жас ақындардың өнеріне тәнті болды.

Мәдени шараны алғы сөзбен ашқан аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Мәулен Аманшаұлы ақындар айтысына қатысушы жас ақындарға қош келдіңіз айтып, қара сөзден маржан терген ақындарға сәттілік тілеп, айтыс өнерінің өзіндік мәнін атап өтіп, өңірдегі айтыстың орнына тоқталды.

Сөздің құнын жоғары қойған жас ақындардың сөз додасына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Мәулен Аманшаұлы, аудандық ауруханысында дәрігер – хирург, ақын Нұрбол Нұрланғазыұлы, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлімхан Қалиева, Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самал Сембайқызы, «Ақберен» жас ақындар мектебінің түлегі,жас ақын Меңдіқожа Ғабдолов төрелік етуде.