
«Кітапханашы – мәртебелі мамандық»
Бүгін осындай атаумен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «24 қазан – кітапханашылар күніне» арналған салтанатты жиын оздырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысымен «24 қазан – кітапханашылар күні » болып бекітілді.
Орал қаласында «Жаңа заман кітапханасы – ұлттық сана мен руханият келбеті» – тақырыбында өткен облыстық кітапханашылар форумында Егіндікөл ауылының кітапханашысы Бақтыгүл Тналиева «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Дат Жәнібеков сөз алып, аудан кітапханашыларын төл мерекелерімен құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Дат Болабекұлы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің меңгерушісі Нұржамал Берниязова мен Саралжын ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қайыр Бисенғалиевке 15 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің марапаттарын, мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Қымбат Сағынқызына, Айгөлек Әділханқызына, Жазира Жауынбайқызына облыстық басқарма басшысының міндетін атқарушы Қ.Мұқанғалиевтың алғысхаттарын, «Қазақстандық салалық мәдениет және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасын Динара Мұзафароваға, аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтың алғысхаттарын Сәуле ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұргүл Қыдырғалиқызы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы Құрманай Жанболатқызына табыстады.
Аудан кітапханашыларын мерекелерімен құттықтаған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы кітапханашылар: Тәттігүл Назарғалиқызы мен Шолпан Сәлменқызына Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Шолпан Оразаеваның, Ақбота Ерланқызы мен Аягөз Байғалиқызына Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльмира Аманғалиеваның алғысхаттарын табыс етті.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлының алғысхатымен Мира Болатқызы марапатталды.