Түстен кейін аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев Жусандыой ауылдық округінде болып, жергілікті тұрғындар алдында есеп берді.

Алдымен жиналған жұртшылық алдында есеп берген округ әкімі Бекболат Бақытжанов округ бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндап, болашақ жоспарымен бөлісті.

Жусандыойлықтардың алдында есеп бере келген аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, ағымдағы жылы атқарылар жұмыстарды назарға салды.

Есепті кездесуде ауыл тұрғындары ауданға қатынайтын жолды күтіп ұстау, қыс мезгілінде қардан тазарту жұмыстарын жүргізу сынды сауалдарын қойды.

Көкейдегі сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алған ауыл тұрғындары есептік жиында аудан, ауылдық округ әкімдерінің жұмысына оң баға берді.