Қазан айының 22-сі күні Саралжын ауылдық округінің орталығы Қарақамыс ауылында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев пен округ әкімі Самғат Зейнуллиннің ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Округте біраз жұмыстар іске асырылған

Қазан айының 22-сі күні Саралжын ауылдық округінің орталығы Қарақамыс ауылында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев пен округ әкімі Самғат Зейнуллиннің ағымдағы жылдың ІІІ тоқсаны бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Есепті жиынға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Мұқанов, аудандық тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Кариев, аудан әкімі аппаратының бас маманы Дәулет Оразақаев қатысты.

Округ әкімі С. Зейнуллин округтегі барлық салалар бойынша атқарылған жұмыстарды, өткен жиында округ тұрғындары тарапынан қойылған сауалдар мен айтылған ұсыныстардың орындалуы туралы баяндады.

Ауыл әкімінің айтуынша Саралжын ауылдық округ бойынша мердігер «Батыс Рем Строй Проект» ЖШС- гі ұзындығы 16248 м ауылішілік газқұбырын тартқан. Округтегі Қарақамыс ауылы бойынша: 221 үйге (93 %) және Сәуле елді мекені бойынша 48 үйге (94,1 %) табиғи газ құбыры қосылып, игілігін көруде.

– Округте қоғамдық ұйымдар: «Ауылдық ардагерлер кеңесі», «Әйелдер кеңесі», «Қоғамдық келісім», «Аналар кеңесі», «Алқа билер» және «Жастар ұйымы» жұмыс жасайды.

Елді мекендерді жарықтандыру бойынша ауылдық округте 8 көше болса қазіргі таңда 8 көше толықтай жарықтандырылды. Бюджет қаражаты есебінен Қарақамыс, Сәуле ауылындағы тұрмыстық қалдықтар төгетін палигондардың айналасына тазарту жұмыстары жүргізілі.

«Жасыл желекті аула» Республикалық акциясы аясында мемлекеттік сатып алу порталы арқылы алынған 300 түп ағаш көшеттері мен 150 түп гүл отырғызылды. Бернияз қыстағы аумағынан 1 га жерге ұжымдық бақша салынды. Егілген қарбыз, қияр, қызанақ өнім бермеді. Тек 1 тонна картоп алынды. Алынған өнім ауыл әкімі аппараты қызметкерлері мен ақылы қызметке тартылған ауыл тұрғындарына берілді. – дейді округ әкімі Самғат Серікұлы.

Ауыл тұрғындары өздерінің көкейінде жүрген жұмысқа орналасу, жолды реттеу, электр қуатына қатысты сауалдар қойды.

Аудан басшысы ауыл тұрғандары тарапынан қойылған сауалдарға тиісінше жауап берді.

Жол жөндеу мәселесі бойынша аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Кариев түсінік берді.