Бүгін Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Жапырақ жүрек жауһар жыр» атты поэзия кеші өтті.

Кеш поэзияның сұлулығын насихаттау,жергілікті ақындарды қолдау, және тыңдармандармен эмоционалды байланыс орнату мақсатында оздырылды.

Поэзия – жанның айнасы. Ол жүректің сезімдерін, табиғаттың сұлулығын және адамзаттың болмысын ашады.

Кеште сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы:

- Бұл, поэзия кеші жергілікті ақындардың өлеңдерін жастар арасында кеңінен насихаттау. Қара сөздің қадірін түсінетін оқырмандарға ауданға, облысымызға танымал азулы ақындардың жырларын насихатталды. Сондай-ақ, өсіп келе жатқан ұрпақ қазақ әдебиетінің жауһар жырларын жаттасын, білсін деген ой. Поэзия кешін алдағы уақыта жалғасын тауып, дәстүрге айналдыру керек деп ойлаймын, - деді.

Сырға толы сырлы кеште Қалқаман Сарин, Талап Таймасұлы және жергілікті ақындардың өлеңдері оқылды. Махаббат, өмір, табиғат сұлулығы және туған жер сияқты тақырыптарда қалам тербеген ақындар шығармаларын паш етті.

Кеш барысында Мәулен Аманшаұлының “Адасу”спектаклінен үзінді сахналанды.