Құтқарушылар – үлкен абыройға лайық жандар

Құтқарушылар – үлкен абыройға лайық жандар

Құтқарушылар – үлкен абыройға лайық жандар

Бүгін Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінде 19 қазан – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні мерекесіне орай салтанатты жиын оздырылды.

Құтқарушылар – бүгінгі бейбіт күннің батырлары. Олар төтенше жағдайлар туындаған кезде отқа да, суға да түсетін жандар.

Іс-шарада аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев сөз алып, жиынға қатысушы құтқарушыларды төл мерекелерімен құттықтады.

– 1995 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.Осы құжат негізінде 19 қазан – Құтқарушылар күні болып белгіленді. Биыл Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылғанына 29 жыл толып отыр.

Өткен уақыт аралығында елімізде мемлекетіміздің аумағындағы сондай-ақ одан шеткері жатқан жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты. Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті – адам өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия, – деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

Сонымен қатар Қ.Орынбасарұлы су тасқыны кезіндегі төтеншеліктер мен аудан халқының ұйымшылдықпен бірлесе жүргізген жұмыстарын мақтантан етіп, ризашылық сезімін білдірді. Көктемгі тасқын су кезінде суға кетіп бара жатырған бір адамның өмірін құтқарып қалған аталмыш бөлім бастығы Мэльс Искаковтың ізгі ісін үлгі етті.

Бір топ Құтқарушыларды аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Олардың қатарында Қоскөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының медбикесі Мөлдір Құрмашқызы, «Мөлдір» шаруа қожалығының жетекшісі Оралбек Ильясұлы, №18 –ші өрт сөндіру бекетінен Думан Қайратұлы. Сағынбек Сенбайұлы Ержан Талғатұлы, аудандық полиция бөлімінен учаскелік полиция инспекторлары Темірхан Қайырмұханбетұлы мен Ерболат Бақтығалиұлы бар.

Қаратөбе ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтақ қорғау подполковнигі Мэльс Искаков әріптестерін мерекелерімен құттықтап, мерекеге орай бір топ құтқарушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.