Татулық пен келісім – басты байлық

Татулық пен келісім – басты байлық

Татулық пен келісім – басты байлық

Бүгін Алаш және Қ.Хасанов атындағы тарихи-өлкетану музейінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – бейбітшілік негізі» тақырыбында рухани танымдық шарасы өтті.

Қоғамның басты байлығы болған татулық пен келісім, береке мен бірлікті насихаттаған басқосуда сөз сөйлеген аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев:

– Бұл күн – адамдарды ұлты мен діни сеніміне қарамастан бір қоғамға біріктіретін тұрақтылық пен келісім күні болып аталып келеді. Мерекенің аталып өтуі мемлекетімізде бірлік пен татулық, ауызбіршілік пен сыйластық орнату үшін маңызды.

Атаулы мерекені 32 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады. Бұған негіз болған 32 жыл бойына аталып өтілетін бүгінгі 18 қазан - Рухани келісім күні!

Рухани келісімді, татулықты, ел тұтастығы мен орнықты дамуды жүзеге асыру мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі болғандықтан, аталған мақсаттарды қоғамымыздың күн тәртібінен түсірмеу аса маңызды. Сол үшін, тіпті арнайы Рухани келісім күнінің белгіленуі көп жайтты ұғындыра түседі.

Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ, - деді.

Ынтымақ пен бірлікті дәріптеген жүздесуде облыс орталығынан арнайы келген меймандар, БҚО Дін істері басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысының орынбасары Адайхан Бағдат, ҚМДБ-ға қарасты БҚО өкілдігінен Ораз Әмреев сөз алып, дәстүрлі дініміздегі татулық пен ынтымақ туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстелде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мәулен Қожахметов, татар ұлтының өкілі Әсия Валиева, шешен ұлтының өкілі Омар Хасинов, қырғыз ұлтының өкілі Чинара Ташматовалар ұлттар татулығы, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие беру турасында пікірлерін білдірді.

Басқосуда Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің әншілері әсем ән орындап, тыңдарманның қошеметіне бөленді.