Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қалдығайты, Үшана, Төлен ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қалдығайты, Үшана, Төлен ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев Қалдығайты, Үшана, Төлен ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде алдымен округ әкімі Бағдат Зайнуллин Сулыкөл ауылдық округі бойынша есепті мерзім ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Жиында сөз алған аудан басшысы Қ. Сүйеуғалиев аудан бойынша атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, ауыл тұрғындарының ұсыныстарымен пікірлерін тыңдады.

Жиын барысында тұрғындар қолдан ұрықтандыруды қол алу, су жырып кеткен жерлерді тегістеу, ақылы қоғамдық қызмет, медициналық пунк салқындығы, ауыз су, жарық, жолды күтіп ұстау сынды ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы халықтың көтерген мәселелері басты назарда болатынын ескертіп, тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Сондай-ақ, аудан әкімі тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.