
Үстел теннис жарысы
Бүгін «Қаратөбе» спорт клубында 19 қазан «Құтқарушылар күні» мерекесіне орай үстел теннисі мекемеаралық жарыс оздырылды.
Үстел теннисі-бұл қызықты, қызықты және қол жетімді спорт түрі. Ол қимылдарды үйлестіруді, төзімділікті дамытады, қол бұлшықеттерін күшейтеді және дененің жалпы тонусын арттырады.
Мерекелік шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мәулен Аманшаұлы:
– Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді.
Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Қауіпті қызмет кез-келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құткарып, алғашқы жәрдем керсетеді.
Құтқарушылар аудандағы түрлі апатқа жігерлілік танытып, төтенше жағдайлардың алдын алуда жемісті қызмет атқарып келеді. Ендеше, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін, - деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Мелс Искаков «Құтқарушылар күні» мерекесімен құттықтап, спортшылар сәттілік тіледі.
Жарысқа ТЖБ мен 18 ӨСБ жеке құрамы және аудан ортылығынан, ауылдық округтерден 20 жуық спортшы қатысты.
Тартысты өткен жарыс қортындысында қарсыластарынан есеп айырмасымен алға шыққан Жасұлан Рамазанов жүлделі І орынға ие болды. Ал ІІ орынды Дәулет Оразақаев алса, ІІІ орын Досымхан Хамидуллинге бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықпен марапатталды.