
Қаратөбеде мекемеаралық спартакиада өтуде
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Қаратөбеде мекемеаралық спартакиада басталды. Оған аудан орталығындағы барлық мекемелерден 11 команда қатысуда.
Жарыс Қазақстан Республикасының бұқаралық спортты дамыту, салауатты қоғам қалыптастыру жөніндегі саясатын жүзеге асыру, мекеме қызметкерлерін спортпен айналысуға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылуда.
Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
Спартакиада командалар волейбол, шахмат, арқан тартыс, асық ату, үстел теннисі, жүгіру, тоғызқұмалақ, футбол сынды спорттың 8 түрінен сайысқа түседі.
Спартакиаданың бірінші күні командалар волейбол, шахмат ойыны түрлерінен сынға түсіп, жарыс жеңімпаздары анықталды.