Оқушыларға түсінік жұмыстары жүгізілуде

Оқушыларға түсінік жұмыстары жүгізілуде

Оқушыларға түсінік жұмыстары жүгізілуде

Қаратөбе ауданы ТЖБ-нің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Искаковпен аудандағы барлық мектептердегі оқушылармен кездесулер өткізілуде. Кездесу барысында оқушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің №438 бабы түсіндірілуде.

Атап айтқанда, №438-бап. Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру.

  1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемді, авариялық қызметтерді көрінеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптын бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған не аварияларды, өрттерді, дүлей зілзала салдарын жою кезенінде жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Осы баптын бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған әрекеттер – ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.