
Өнертапқыштар байқауынан жүлдемен оралды
26-27 қыркүйек күндері облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауы өтті. Аталған байқауға Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ибраһим Жайлан қатысып, жүлделі оралды.
Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған байқау жеті бағыт бойынша өтті.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауына қатысқан Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ибраһим Жайлан «Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» секциясы бойынша ІІІ орынды иемденді. Жетекшісі Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші санатты көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ернұр Базарбайұлы.