
Бүгін Егіндікөл ауылында «Батыс Қазақстан облысы аумағында аса қауіпті және әлеуметтік маңызды жануарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу шаралары және иттердің дирофилляриозын анықтау іс-тәжірибесі» атты ветеринариялық стансалар басшылары мен мал дәрігерлері мамандарының кәсіби тәжірибе жетілдіру семинар-кеңесі басталды.
Семинар-кеңеске келген қонақтар алдымен Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінде болып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ оқытушысы, профессор, ветеринария ғылымдарының докторы М.Ш.Шәлменовтың ғылыми жұмыстары жинақталған кабинетімен және Егіндікөл ауылының шежіре мектеп мұражайымен танысты. Содан кейін атағы аңызға айналған Аққұм, Құныскерей үңгіріне және ауыл маңындағы бұлаққа саяхат жасады.