Референдумға дайындық семинары өтті

Референдумға дайындық семинары өтті

Референдумға дайындық семинары өтті

Қыркүйектің 17-сі күні Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қаратөбе ауданының аумақтық референдум комиссиясының оқу-семинары өтті. Күн тәртібінде 6 қазанда өтетін республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері қаралды.

Семинар барысында сөз алған аудандық аумақтық референдум комиссияның төрағасы Бақытжан Жүсіпқали Қаратөбе ауданы бойынша сайлау учаскелерінің дайындығы туралы баяндама жасады.

– Аудан бойынша 1 аумақтық, 19 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс атқарады. Учаскелік референдум комиссияларында 115 мүше, аумақтық референдум комиссиясында 7 мүше, барлығы 122 референдум комиссиясы мүшесі бар. Босап қалған 5 орынға биылғы 29 тамызда сессия шешімімен комиссия мүшелері енгізілді. Қазір бос орын жоқ. Осы 19 референдум учаскелері бүгінгі күнге дауыс беруге қажетті құрал жабдықтар дауыс беру кабинасы, бюллетень салатын жәшіктермен толық қамтылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кірме жолдар бар. Өрт қауіпсіздігі ережелері толық сақталған,- дейді аудандық аумақтық референдум космиссиясының төрағасы Бақытжан Қайырқұлұлы.

Оқу-семинарда аудандық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Ербол Қайратұлы «Референдум комиссияларының жұмыстарын ұйымдастыру, арыз-шағым, байқаушылармен жұмыс, әлеуметтік желілерде ақпараттық сүйемелдеу» тақырыбында ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аудандық референдум комиссиясының хатшысы Есенжол Ғабдраш учаскелік референдум комиссия мүшелерін оқыту, қашықтан тест тапсыруды ұйымдастыру, дауыс беру күнгі хаттамалардың толтырылуы жайында баяндап берді.

Семинарда №274 референдум учаскесінің төрағасы Аслан Исмагулов комиссия мүшелерімен дауыс беру күнгі референдум комиссияларының жұмыс тізбесінен практикалық сабақ өткізді.

Семинар-кеңеске қатысушы учаскелік референдум комиссияларының мүшелері «Референдум және сайлау» Заңынан тест тапсырды.