АЭС салу – қуат тапшылығын шешпек

АЭС салу – қуат тапшылығын шешпек

АЭС салу – қуат тапшылығын шешпек

Бүгін Қаратөбе ауданында АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында облыстық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген алдағы жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталып, АЭС құрылысының тиімділігі жөнінде және маңыздылығы туралы қарапайым тілмен түсіндірді.

Облыстық халықтық штабтың мүшесі Азамат Сафималиев атом электр станцияларын салу экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін айтып:

– Қазіргі таңда барлық өңірлерде түсінік жұмыстары жүруде. АЭС салу эектр қуатына тапшылықты жояды. Францияда 56 АЭС блса, Ресейде 36 АЭС бар. Күн мен жел қуатынан көрі станция салып, энергия алу әлдеқайда тиімді болмақ. Азаматтарымыздың 6 қазан күні референдумға келуі маңызды. - деді өз сөзінде Азамат Сафималиұлы.

Аудан халқымен жүздесуге келген облыстық халықтық штаб мүшелері Жанат Сағыналиев, Бағдат Ізмағанбетов, Ниязбек Есеналиев АЭС салуды қолдау жөнін өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар АЭС салу жөніндегі халықтық референдум бойынша ой бөлісе отырып, АЭС көптеген жаңа орындар ашылуын қамтитынын айтып, кадр даярлығы, олардың қауіпсіздігі туралы сұрақтарын қойып толыққанды жауаптарын алды.