
Мерейлі отбасылар құрметке бөленді
Бүгін Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысып, белсенділік танытқан отбасылар марапатталды.
«Отан-отбасынан басталады». Мейірімге қанған шаңырак мерейлі отбасына айналады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Отбасы институты-еңбекқорлық, білімпаздық, тектілік сынды адал азаматқа тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады» деген еді.
Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтан байқаудың аудандық кезеңінде жүлде алған отбасыларды құттықтады.
– Сіздерді Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! «Отбасы күні» біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - бұл барша халқымыздың бай қуатты да табысты болашағының кепілі.
Жанұяның береке-бірлігі - әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Отбасы-сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, кез-келген зиялы қоғамның дінгегі.
Осынау әлеуметтік маңызға ие мереке күні Сіздің шаңыраққа құт-береке, мол ырыс, мамыражай тыныштық тілеймін. Әр отбасының іргесі берік болып, түтіні түзу түтесін, - деді.
Байқауға қатысып жүлделі ІІІ орын иегері Ерімбетовтар отбасы (Қоржын ауылы), ІІ орын иегерлері Жайғалиевтер отбасы (Егіндікөл ауылы) лайық танылса, І орынды Қаратөбе ауылының абыройын асқақтатқан Байтеміровтер отбасы қанжығасына байлады. «Мерейлі отбасы – 2024» ұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша Байтеміровтер отбасы ІІ орынды иеленіп, ақшалай 700.000 теңге табысталды.
Шара соңы аудандық мәдениет үйінің әншілері концерттік бағдарлам асына ұласты.