Мектептердегі ыстық тамақпен қамтылуы және балалар тасымалы туралы
Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2024 жылғы 12 қыркүйек күні өткізілді. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарындағы балалардың ыстық тамақпен қамтылуы және қауіпсіз тасымал жұмыстары туралы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Ғарапшиев хабарлама жасады. Жиын соңында комиссия төрағасы мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берді.