Референдумға дайындық пысықталды

Референдумға дайындық пысықталды

Референдумға дайындық пысықталды

Бүгін аудандық мәслихат залында жалпыхалықтық референдумға дайындық барысы туралы жиын өтті.

Жиынға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов және ауылдық округ әкімдері, дербес мекеме, бөлім басшылары арнайы қатысты.

Жиында сөз сөйлеген аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы алдағы болатын референдумның қоғам үшін маңызды екендігіне тоқталып, аудан халқын ұйымшылдықпен қатысу қажеттігін атап өтті.

Референдумға дайындық жұмыстары туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқали:

– Қазан айының 6-на белгіленген жалпыхалықтық референдум маңызды саяси науқан болып табылады. Қазіргі танда орталық сайлау комиссиясының қаулысымен күнтізбелік жоспар бекітілді. Ауданымызда референдум жұмысына байланысты 10 жерге бильбордтар ілінді, , үгіт-насихат топтарының кездесулері мәдениет үйлерінде, ауылдық клубтарда жүргізілетін болады. Аудан бойынша 1 аумақтық, 19 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс атқарады. Учаскелік референдум комиссияларында 115 мүше, аумақтық референдум комиссиясында 7 мүше бар.- деді.

Жиналыста үгіт-насихат жүргізуге құрылған аудандық штабтың жұмысы туралы штаб төрағасы Абат Зейнуллин сөз сөйлеп, халықтық штаб құрамына түрлі партия өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері

атап өтті.