
Облыс әкімі Н. Төреғалиевтің тапсырмасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасы ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, сондай-ақ "Даму "кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Aqjiyq "ӘКК" АҚ сияқты қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен Қаратөбе ауданына бірлескен сапарын ұйымдастырды. Сапар шеңберінде аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қабылдау өткізіліп, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларының шарттары түсіндірілді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиелер бойынша кепілдеме беру, мемлекеттік гранттар, жетіспейтін инфрақұрылым бағдарламасының ережелері мен талаптары туралы.
Сонымен қатар, ауыл аманаты бағдарламасы, агробизнес, жастарға арналған несиелер туралы түсіндірілді