
Қаратөбелік өнерпаздар Қадыр сахнасында
Бүгін облыс орталығындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында Қаратөбе ауданының көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды. «Қадыр - Қазына» жобасы аясында «Ауыл – Атамекен пернесі» атауымен өтткен өнер кеші қала тұрғындары мен қонақтарының зор ықыласына ие болды.
Қаймағы бұзылмаған қазақы аудан саналатын, құт дарып, кие қонған қасиетті мекен Қаратөбенің өнерін тамашалауға келген халықтың қарасы көп болды. Ән құдіретімен қазақтың рухын көтерген сал Мұхит пен Ғарифолланың ізін жалғастырушы өнер өкілдері талғампаз көрерменнің көңілінен шыға білді.
Сазды кеште күміс көмей әншілер әуелеген ән де шырқады, мың бұралған бишілер би де биледі, домбыра шанағынан күй де төгілді.