
Комиссия отырысында өзекті мәселелер талқыланды
Бүгін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Шайжановтың төрағалығымен аталмыш комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста сөз алған Мұхтар Мерекеұлы: «Алдымызда бір-ақ ай ғана қалды. Салқын түспей алдағы айдың ортасына дейін жылыту маусымының жұмыстарын тездетіп аяқтап, дайын болуымыз қажет. Әлеуметтік нысындыр көгілдір отынмен, электр қуатымен 100 пайыз қамтылуы тиіс», - деді.
Сонымен қатар аудан басшысының орынбасары М, Шайжанов отырыста қаралған үш өзекті мәселе бойынша ауылдық округ әкімдері мен аудан орталығындағы мекемелер, бөлімдер басшыларына тапсырымалар берді.
Комиссия отырысының күн тәрбінде үш өзекті мәселе талқыланды.
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қ.Қабекеновтың, «2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде аутомобиль жолдары мен коммуналдық қызмет көрсету және тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу туралы» - аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Кариевтың. «Аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдай туралы» - адамдар мен жануарлардың жаппай жұқпалы ауруларының алдын алу турасында аудандық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мағия Аманжанованың хабарламалары тыңдалды.
1-мәселе бойынша баяндамашы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қ.Қабекеновтың айтуынша 2023-2024 жылдарының жылу беру кезеңінің қорытындысы бойынша аудан аумағында тұрғын үй секторында 1 өрт оқиғасы тіркелген. Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған. Отырыстың 2-ші мәселесіне сай хабарлама жасаған аудандық тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Кариев жалпы аудан бойынша 91 әлеуметтік нысан болса, оның барлығы да 100 % газбен жылытылатындығын, қазіргі уақытта мекеме және ұйымдарда газ есептегіштерді және сигнализаторларды тексеруден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын баяндады.
Үшінші өзекті мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мағия Аманжанова «Қаратөбе ауданында ахуал 2024 жылдың ағымдағы уақыты бойынша тұрақты екендігін, аса қауіпті аурулардың (оба,тырысқақ, туляремия, құтыру, сарып, сібір жарасы аурулары) асқынуы және өлім жағдайлары тіркелгенмегендігін айтты.
Мұхтар Мерекеұлы комиссия отырысынан кейін ауылдық округ әкімдерінің, мекемелер басшыларының бастарын қосып, жиналыс өткізді. Аталмыш жиында аудан басшысының орынбасары аудан тұрғындарын мал азығымен қамту мәселесіне баса назар аударды. Әуелі ауданды тегістей мал азығымен қамтымай, басқа жерлерге шөп тасымалдамауды және мал азығы қорын жинақтауды тапсырды.