Жақсылық жауған күн болды

Жақсылық жауған күн болды

Аудандық ауруханаға жерлесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Сағадат Рахметжановтың бастамасымен оттегі концентраторы мен жүректі түсіретін электоркардиограф аппараты және дәрі-дәрмектер сыйлады.

Мәтенияз бен Нұржан есімді жігіттер осындай жақсы іске ұйытқы болуда.
«Қазіргідей қиын сәтте аудан халқына көмек қолын созып, талай аурулардың өміріне араша болуға мүмкіндік беретін жасанды тыныс алу аппаратын сыйлаған азаматтарға үлкен ризашылығымыды білдіреміз. Енді дәрігерлер науқастарға уақытылы көмек көрсете алады»,- дейді аудандық арухананың бас дәрігері Венера Жаукенқызы.
- Еш мақтаныш жоқ жігіттердің қолдағанына риза болып жатырмын. Бизнестегі жігіттер емес жәй айлықпен күнелтіп отырған қыз-жігіттер. Алла разы болсын деймін. Біздің Тұрсынбаева мен таныстығымыз жоқ қайтеміз, өзіміз осылай амалдаудамыз. Бұйырса алдағы аптада да дәрі-дәрмектермен қосымша құрылғыларды жеткіземіз,- дейді Сағадат Ғабдынасырұлы.