
Бүгін аудан әкімі орталық ауруханада болып төрт оттегі концентраторын табыстады.
Айта кету керек аталмыш құрылғылардың біреуін «Сұңқар» ШҚ жетекшісі Айбар Бралиев, «Жолымбет» ШҚ жетекшісі Серікқали Жолымбетов, мемлекеттік қызметкерлер бір дана және өзгеде кәсіпкерлер бірлесіп бір дана оттегі концентраторын алып берді.
Жанашыр азаматтар науқастарға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Қазір еліміздегі жағдай күрделі. Осы сәттегі бізге керек басты құрал – дәл осы оттегі концентраторы еді. Бұл аппараттар бізге, науқастарға үлкен көмек болды. Сол үшін осындай игі іс жасаған азаматтарға алғысымызды айтамыз. Жақсылық жасаудан жерлестеріміз қалыс қалмауда - дейді аудан әкімі Жанат Асантаев.