
Гуманитарлық жүк «ДОС» қоғамдық ұйымынан Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік бөліміне келіп, одан әрі халыққа таратылу көзделген. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ресейден келген гуманитарлық көмекті Қаратөбе ауданына да жіберіп жатыр.
27 шілде күні аудандық ауруханаға медициналық маскалары, дәрі-дәрмектер, қолғаптары және антисептикалық құралдары, сондай-ақ электрондық термометрлері бар гуманитарлық жүк жеткізілді.
- Осындай қайырымдылық жасап жатқан Ресейлік ағайынға алғысымыз шексіз,- дейді аудандық қоғамдық келісім төрағасы Мәулен Қожахметов.