
Әлемді шарпыған коронавирус індетімен күрес елімізде де қарқынды жүргізілуде. Қауіпті дерттің таралмауы үшін дәрігерлер мен науқастарға көмек қолын созуға ел азаматтары мен демеушілер де көмек қолын созуда.
Сондай мейірімді жандардың бірі жерлесіміз, қазіргі таңда Ақсай қаласында тұратын Арман Елеусінов пен жолдасы Алма Елеусінова отбасыларының тартуы.
Демеушілікпен арнайы алынған аппараттардың 1 - Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының провизорлық бөліміне, 1 - Сулыкөл дәрігерлік амбулаториясына екі оттегі концентраторын алып берген.
- Қауіпті індетпен күресу үшін аудандық орталық ауруханасында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Санитарлық талаптар күшейтіліп, коронавирус инфекциясын ауыздықтауға барша ақ халаттылар жұмылдыруда. Кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері қол ұшын созып, ниеттерін білдіруде. Осындай қиын уақытта мұқтаж адамдарға моральдық және материалдық көмек көрсетіп жүрген барлық азаматтарға алғыс айтамыз, - дейді Қаратөбе аудандық орталық ауруханасының директоры Венера Жәукенқызы.