
Маңызды жоба жүзеге асырылуда
Өткен жылы басталған пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды.
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында "Қарызсыз қоғам" жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген болатын.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тамыз айының 12-сі мен 16-сы күндері аралығында үшінші аусымда аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында қаржылық сауаттылық сабақтары өтті.
Тамыз айының 14-і күні «АMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин аталмыш сабақ өтіп жатырған орынға барды.
Абат Кәрімұлы «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып,оқуға қатысушылардың пікірлерін тыңдады.
А.Зейнуллиннің айтуынша өткен жылы аудан бойынша 3 аусымда 460 адам қаржылық сауаттылықты арттыру курсына қатысқан.
Аталмыш сабаққа аудандық білім беру саласынан 26 адам қатысып, дәріс алып жатыр. «Қарыссыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Мансия Турдалиева қаржылық сауаттылықты артыру бағытында көптеген мысалдар келтіріп, сабаққа қатысушыларға түсінік жұмыстарын жүргізуде.
– "Қарызсыз қоғам" − халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған "AMANAT" партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы.
Жобаның алғашқы оқыту курсы өткен жылы2 мамырда басталып, еліміздің 8 өңірінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, осы уақыт ішінде Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарының 65 мың тұрғыны жоба аясында қаржылық сауатын арттыру бойынша оқу курсынан өтті.
"Қарызсыз қоғам" жобасы аясын қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылады және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, колледждеріне және мектептеріне қаржылық сауат курсы енгізіледі.
Жобаның қаржылық сарапшылары белгіленген кестеге сай Орал қаласында, Ақжайық,Тасқала аудандарында, Ақсай қаласында сабақтар өткізуде.
Қаратөбеге келіп, тамыз айының 12-сінен бастап сабақ өткізудемін.Сабаққа қатысушылардың қаржылық сауаттылық бойынша білімдері өте төмен екен. Өзіміздің балаларымызға ақшаны үнемдеп жұмсауды, ақшаны есептеуді үйретпейміз. Ақша есепті жақсы көреді. Сондықтан ақшаны есептеп, мақсатты жұмсау керек. Тұрғын үй аламын десеңіз соған мақсатты түрде ақша жинайсыз. Ақшаны үнемдеп, есеппен мақсатты жұмсамасаңыз ақша жиналмайды.Қаржылық жоспар болу керек. Арнайы дәптер ашып, күнделікті жұмсалаған ақшаны, шығысты жазып отырған жөн.
Бұрын Кеңес дәуәірінде біздің ата-аналарымыз жинақ кассасына алған жалақысының жартысын салып сақтайтын. Қазір курста оқып жатырған 26 адамның ішінен тек бір-екі адам ғана ақша жинайды екен. Басқалары ақша жинауға жоқ екен.
Біздің заңгеріміз бар. Несие алып, оны өтеу қиынға соққан кезде заңгердің көмегіне жүгінуге болады. Бірде Қаржылық сауаттылық курсына қатысушы несие алған қарапайым еңбек адамы келіп, өзінің айын сайын 60 мыңнан несиесін төлеп келе жатырғанын, айына 60 мың теңге ақша төлеп отыру өзіне қиын соғып жүргенін айтып, бізден графикті өзгертіп, төленуге тиісті ақшаның көлемін төмендетуге көмектесуді өтініп, күзде комбайынға егін оруға шыққан кезде несиені жабатынын айтты. Заңгеріміз ол кісінің төлейтін несиесін 60 мыңнан төмендетіп, ай сайын 19 мың теңге төлейтін қылып берді. Осы курсқа қатысушыларға несиеге қатысты мәселе болса әрқашан көмек беріледі,– дейді жоба сарапшысы Мансия Қайсағалиқызы.