
Жеке куәлікті жарамдылық мерзімінің аяқталуына қарамастан ауыстыру қажет болатын жағдайлар бар. Мысалы, тегінің өзгеруіне байланысты, оның ішінде неке қию немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер бойынша жеке куәліктерді ауыстыру.
Бұл ретте, анықтамалық деректердің, туған күні мен орны өзгеруі туралы мәліметтерді уәкілетті қызметкер интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы АХАТ органдарының ақпараттық жүйесінен алады. Алайда, олар болмаған жағдайда анықтамалық деректерді, туған күні мен жерін өзгеруі бойынша Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, жеке куәлігін беру анықтамалық деректерді өзгертудің дұрыстығын анықтау үшін тексеру жүргізілгеннен кейін және көші-қон қызметінің уәкілетті қызметкері адамдардың некеге тұру (бұзу) бойынша тегін, ұлттық дәстүрлерге сәйкес ұлты қазақ адамдардың тегі мен әкесінің атын өзгерту жағдайларын қоспағанда, анықтамалық деректерін ауыстыру туралы қорытынды шығарғаннан кейін ресімделеді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске сәйкес неке қию немесе бұзу кезінде жеке куәлік неке қию немесе бұзу туралы куәлікті алған сәттен бастап 30 күн ішінде ауыстырылуы қажет. Егер сіз «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) көрсетілген мерзімнен кешігіп өтініш білдірсеңіз «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке (7 АЕК мөлшерінде айыппұл) тартыласыз.