Ақпарат

Ақпарат

Ата-аналар назарына, балаларды өз еркімен өзен жағалауына жібермеу қажет екенін ескертеміз! Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет. Қәзіргі таңда облысымызда 8 адам суға бату фактісі тіркелді, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған балалар. Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және аудандық Полиция бөлімімен бірлесіп су жағалауларына рейдттер жүргізілуде. Рейд кезінде Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша рейдтік іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген Су қауіпсіздік қағидаларының 3-тарауының 14 тармағының 1, 16 тармақшасын бұзғаны үшін 2 жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 412 бабымен 25 844 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ "Суға түсуге тыйым салынады" белгілері белгіленген Қалдығайты өзенінде түскен баланың ата-анасына Қаратөбе АПб ЖПҚб кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, Қаратөбе ауданының ТЖБ бастығы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы және тәрбие жұмысы бойынша әдіскерінің қатысуымен Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

Су айдындарында қауіпсіздік ережесін сақтайық;

- Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеңіз;

- Суға арнайы рұқсат етілген жерлерде шомылу керек;

- Ішімдік ішіп, мас күйінде шомылмаңыз;

- Терлеп тұрғанда және қараңғы уақытта суға шомылуға болмайды;

- Балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың жауапкершілігіне байланысты екенін естен шығармаңыз;

Адам өмірінен асқан құндылық жоқ. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тілсіз жаудан келетін қауіп-қатердің алдын алайық!

Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі