Ақпарат

Ақпарат

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан аумағында ауданы 114 га құраған 4 далалық жану орын алды. Далалық өрттер тіркелмеді.

2023 жылдың өрт қауіпті кезеңінде аудан аумағында 5 дала жану оқиғалары орын алды, табиғи өрт оқиғасы тіркелмеді. Табиғи өртті сөндіру және далалық жану кезінде жарақат алғандар тіркелмеді.

Табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу мақсатында, Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мобильді топтармен бірлескен 8 рейдтік іс-шара өткізіп, 1819 тұрғындарға жадынамалар таратты. Бұқаралық ақпарат құралдарында өрт қауіпті кезеңінде халыққа өрт қауіпсіздігі талаптарын жеткізу мақсатында 52 ақпарат жарық көрді.

Шалғай орналасқан елді – мекендерде өрттердің уақытылы сөндіруді қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың 12 мамыр күні Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысымен, жергілікті атқарушы органның қолдауымен, Қоскөл ауылдық округінде маусымдық мемлекеттік емес өрт сөндіру бекеті 3 жылға ашылды (БатысСервисПлюс ЖШС). Бекетте Зил АЦ 40-131 техникасымен жеке құрам 9 адаммен жұмыс жасауда. 2023 жылдың сәуір айында Шынғырлау ауданы №23 ӨСБ меншігіндегі 1 Зил АЦ 40-131 өрт сөндіру автокөлігі Сулыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының меңшігіне өтіп, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Сулыкөл ауылдық округіне өрт сөндіру бекеті ашылды (Специальный экспертный центр ЖШС). Бекетте Зил АЦ 40-130 техникасымен жеке құрам 9 адаммен жұмыс жасауда. Бұл бекеттер аудандағы барлық жануларға шықан болатын.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың 15-16 мамыр күндері «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу кезінде барлық аумақтық бөлімшелермен табиғи өрттер мен жануларды сөндіру бойынша жергілікті атқарушы органдар, мүдделі мемлекеттік мекемелердің қатысуымен практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.

«Орман» жедел-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылдың 8-14 шілде аралығында Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен және еріктілермен бірлесіп дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейд барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп 160 адам қамтылып, 210 жадынамалар таратылды. Аудандағы 8 ауылдық округттеріне рейдттер ұйымдастырылып, Қаратөбе ауданының Полиция бөлімімен бірлесіп 4 тұлға ҚР ӘҚБтК 590 – бабы, 9 – тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрт қауіпті кезеңінде өрттер мен жануларға жол бермеу мақсатында, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі төмендегідей өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды:

- тоғай және дала алқаптарында сөндірілмеген сіріңкені, темекі тұқылын тастамауды;

- тоғай ішінде ағаштардың түбіне, егіс алқаптарына жақын маңына, қалың өсімдік арасында от жақпауды;

- табиғат аясында өздігінен өртенетін (жанармай сіңген маталарды, шыны әйнектер мен ыдыстарды) заттарды тастамауды;

- құрғақ өсімдіктер мен қоқыс қалдықтарын, қамыстарды өртемеу;

- табиғат аясында ашық отты пайдаланып, оны қараусыз қалдырмауды;

- ауыл шаруашылығы техникаларын өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіріп пайдалануды.

Есіңізде болсын, Сіздің салғырттығыңыз қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!

Өрт кезінде, «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз!

Қаратөбе ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі