
Заңдылықтар таныстырылды
Бүгін аудан әкімдігі мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Жасұланның төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының отырысы оздырылды.
Комиссия отырысында сыбайлас жемқорлыққа күрес мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың орындалуы туралы аудандық аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұртас Набиоллаұлы мен аудандық жастар істері жөніндегі ресурстар орталығыың басшысы Фариза Серіктің жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастару, сыбайлас тәуекелдерін, олардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы, семинарлар, дөңгелек үстелдер, дебаттар, флешмоб тағы да басқа іс-шаралардың өткендігі туралы баяндамалары тыңдалды. Содан соң сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізілді.
Аталмыш семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов қатысып мемлекекттік қызметшілердің еңбек тәртібі, қызметтегі жауапкершіліктері туралы түсініктер берді.
Түстен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мүшелері аудан тұрғындарын жекелеген мәселелері бойынша қабылдады.