
ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылдың 18 шілде күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы» Қаратөбе ауданында азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіп, тегін құқықтық көмек көрсететіндігін хабарлайды.
Өтетін орны: Ғ. Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық мәдени-демалыс орталығының ғимараты
Өтетін уақыты: 18 шілде 2024 жыл
Сағат: 15.00-17.00
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі байланыс телефонына хабарласуға болады: 87114531210