Ақпарат

Ақпарат

Таза Қазақстан» акциясы

Қаратөбеде «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы болып, шөптер мен босаған шыны, қағаз, салафандардан тазартылды.

Акция азаматтарды өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстап, көшет отырғызуға үндеу мақсатында оздырылды.

Тазалық жұмыстарына ауданда шоғырланған барлық мекеме ұжымдары қатысып, ауыл тазалығына өз үлестерін қосты.

Акция аясында Айтқожин және Тоққожин көшесінің арам шөптері шабылып, қоқыстар тазаланды. Тазалық жұмысына 125 адам қатысып, 1 KamAZ жүк көлгімен қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарынан шыққан қалдықтар арнайы белгіленген қоқыс палигонына төгілді.