Хабарлама

Хабарлама

Құрметті ата-аналар балаларға мұқият болыңыздар!*

2024 жылдың басынан су айдындарында 3 адам қаза болды, оның ішінде 1 бала (14 жаста). Бүгін 2024ж. 6 шілдеде Жайық өзеніне батып кетті деген хабарлама бойынша (2024ж.7.07. жазатайым оқиға) Теректі ауданы Қабылтөбе кентінде Ақтау қаласынан туыстарына қонаққа келген 2008 жылы туған жасөспірімді іздестіру жұмыстары жүргізілуде (15 жаста).

*Құрметті Қаратөбе ауданының тұрғындары мен қонақтары! ЕСКЕРТЕМІЗ:*

«Су айдындарындағы жабдықталмаған жерлерде және тыйым салынған орындарда» шомылуға; жүзудің шекарасын белгілейтін қалқы белгілерден кейін жүзуге; шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге; суға қайықтардан, катерлерден, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге; жалған дабыл айқайларын беруге; мас күйде шомылуға; балаларды қараусыз қалдыруға; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге тыйым салынады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз 101, 112 нөміріне хабарласыңыз.

*Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзған немесе орындамаған ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қаратөбе ауданының ТЖБ.