Ақпарат

Ақпарат

Қайырымдылық турнирі оздырылды

Ағымдағы жылдың 13 шілде күні Қоскөл ауылдық округінде Ескалиев Темірлан Манасұлының еміне көмек ретінде қайырымдылқ турнирі өтті. Жерлесіміздің еміне көмектесу үшін Орал қаласынан, көршілес Сырым ауданынанда командалар келіп қатысты. Жарысқа қатысушы командалар белгіленген мөлшерде жарна төлеп қатысып, түскен қаражат толықтай Темірлан бауырымыздың еміне көмеккке аударылды.

Жарысқа барлығы 7 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Тартысты өткен турниріміздің қорытындысы төмендегідей:

Маратов Абзал - үздік шабуылшы

Сәбит Еркебұлан - үздік сұрмерген

Максимов Диас - үздік қорғаушы

Әсетов Дамир - үздік ойыншы

Сәбит Айқын - үздік қақпашы

Алғабас команадасы

Орал командасы

Қаратөбе жастары командасы

Жарысқа қатысушылар Қаратөбе Спорт клубының диплом, кубок және медалдарымен марапатталды.

Ауылдасымыз Темірланның тезірек сауығып, аман есен ортамызға оралуына тілекшіміз.