Ақпарат

Ақпарат

Ағымдағы жылдың 10 шілде күні облыс орталығы Орал қаласында аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесіне жаңа техникалар табысталды.

Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев облысымыз бойынша коммуналдық шаруашылықтарын және кәсіпорындардың материалдық–техникалық базасын нығайту мақсатында, аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесіне трактор және камаз тіркесімен табыс етті. Аталған мәселе облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуінде көтерілген болатын.