Ақпарат

Ақпарат

“Жайнай берсін - Астана”

Дәл осындай атаумен орталық алаңда Астана күніне арналған мерекелік шара оздырылды.

Үлкен маңызға ие айтулы мерекеде аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев аудан жұртын мерекемен құттықтап, елдің қол жеткізген жетістіктеріне, мерекенің маңыздылығына тоқталып өтті.

Шарада ауданның әлеуметтік-экономикасының дамуына және халықтың әл- аухатының артуына қосқан үлестері үшін бірнеше аудан тұрғындары аудан әкімінің алғысына бөленді.

Астана күні мерекесіне арналған салтанатты шара аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Сонымен қатар “Қаратөбе” спорт клубы спорттық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.