
Лагерь жазы көңілді
Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы жанындағы «Жасыл желкен» демалыс лагері ашылды.
Шарада сөз алған аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев демалыс лагерінің ашылуымен балғындарды құттықтады.
– Балалар үшін жаз мезгілі өте пайдалы өтуі тиіс. Бұл мезгілде олар өз уақыттарын тиімді пайдаланып, жазғы демалыс орындарына бару арқылы танымдық, тағылымдық тұрғыдан дами алады. Сондықтан жаз мезгілінде осындай жазғы сауықтыру лагері балалардың мүмкіндіктерін одан әрі аша түсуі тиіс, - деді.
4 кезеңге бөлінген биылғы лагерьге 300 оқушы демалмақ. Лагерь “Этно» ауыл кезеңінде балалар қазақтың көнеден келе жатқан салт дәстүрін бойларына сіңірмек. Олар құрт жасау, жүн түту, ұршық иіру сияқты жұмыстармен айналысады. Онымен қоса он саусағынан өнер тамған бүлдіршіндеріміз әдемі суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауды. Лагерьдегі ең бір қызықты сәт суға шомылу, спорттық ойындар, туристік құралдармен танысу, шатыр құру сынды жұмыстармен танысуда.
Сонымен қатар лагерьге «Мөлдір бұлақ» өнерлі өрендері де қатысуда. Олар ұстаздарынан шеберлік сабақтары арқылы тәлім тәрбие алуда.