
Ауданда маниторинг топ мүшелері азық-түлік дүкендерінде болып, санитарлық нормаларды сақтауын қадағалау бойынша рейдтер жүргізді.
Сатушылар мен тұтынушылар міндетті түрде бетперде, қолғап киіп, сауда орындарында антисептик болуы керектігі айтылып, дезинфекциялау режимі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында жұмыс жасап жатқан нысандардың жұмыс жасау режимі, қызметкерлердің бетпердесіз,қолғапсыз жұмыс істеуіне тыйым салу, дезинфекциялык режимді қатаң сақтау, кезекте тұру кезінде ара қашықтықты сақтау керектігі жөнінде талаптар түсіндірілді.