Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдени демалыс орталығында Қаратөбе ауданы мекемелерінің арасындағы футзалдан 2023/2024 жылғы маусымының жабылу салтанаты болып өтті. Шараға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаден арнайы қатысты.
Төрт айға созылған лигада аудан мекемелері арасынан 10 команда қатысқан. Әр команда чемпиондыққа лайықты түрде ойын өрнегін көрсетіп, футзал лигасында барлық команда 696 гол салынған. Атап айтар болсақ, ең көп гол соққан командалар спорт мектебі - 83 гол, спорт клубы - 86 гол, полиция бөлімі - 88 гол. Бұлда бір Қаратөбе футзал лигасының өркендеуі. Қаратөбе футзал лигасында 4 ай бойы аудан кәсіпкерлері командаларға өз демеушіліктерін жасап келді. Әр ойын сайын аптаның үздік ойыншылары анықталып, «Дәмхана» асханасы мен «Kami’s house» үздік ойын өрнегін көрсеткен командаларға демеушілік көрсетіп отырды.
Шара басында демеушілік жасаған кәсіпкерлер Низамова Индира Абдулмажитқызы мен Шұқанова Камшат Тлекқабылқызын сахна төріне шақырып, аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы арнайы марапаттады.
Қаратөбе футзал лигасының қорытындысы бойынша 2023/2024 жылғы маусымындағы «Ең үздік төреші» аталымымен мәдениет үйі командасының ойыншысы Жексенбаев Таңат марапатталса, маусымындағы үздік қақпашы номинациясымен Қаратөбе спорт клубы командасының қақпашысы Сағындықов Ерланға, үздік қорғаушы номинациясы Шөптікөл мектебі командасының қоғаушысы Жұбанғалиев Асыланбекке, үздік шабуылшы номинациясы аудандық аурухана командасының шабуылшысы Есенкулов Манасқа, үздік сұрмерген номинациясы спорт мектебі командасының ойыншысы Сериков Мағжанға бұйырды.
Жарыс қорытындысы бойынша маусымындағы жеңімпаз командалар болып 30 ұпаймен 3 орынға Шөптікөл құрамасы, 41 ұпаймен 2 орынға Қаратөбе ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасы, 47 ұпаймен 1 орынға Қаратөбе спорт клубы құрамасы ие болды. Жеңімпаз командаларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Қаратөбе футзал лигасының «Қаратөбе кубогі» ойындарының «Үздік қақпашы» номинациясымен полиция бөлімі командасының қақпашысы Ідіров Әділбек, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Мәдениет үйі командасының қорғаушысы Меңдіғали Әділғазы, «Үздік шабуылшы» номинациясымен спорт мектебі командасының шабуылшысы Есімғалиев Асылбек марапатталды. Ал, «Қаратөбе кубогі» ойындарының қола жүлдесі полиция бөлімі құрамасына, күміс жүлдесі Қаратөбе ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрамасына, алтын жүлдесі Қаратөбе спорт клубы құрамасына бұйырды.
Шара соңында аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев сөз алып жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтады және ауданда спорттың дамуына үлес қосып жүрген спортшыларға алғысын білдірді.