
Ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Шарлапаев, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Б.Жүнісбеков және облыс әкімінің орынбасары Т.Каюпов келіп, Қоржын ауылында салынып жатырған құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда Қоржын ауылында салынып жатырған 90 үйдің 24 үйдің іргетасы құйылып, 3 үйдің қабырғасы қалануда. Қ.Шарлапаев құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігерлердің басшыларымен кездесіп, туындаған мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына қажетті материалдарды ертерек тасып алуды және тезірек аяқтауды тапсырды.