Новые кадровые назначения

Новые кадровые назначения

2020 жылдың 3 шілдесі күні аудан әкімі Жанат Асылханұлы Асантаев Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымына жаңа әкімді таныстырды.
Қаратөбе ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 26 маусымдағы №3 қаулысы негізінде Қаратөбе ауданы әкімінің 2020 жылдың 3 шілдесіндегі №102 өкіміне сәйкес арнайы тексерудің оң нәтижесін алған күнге дейін Зейнуллин Абат Кәрімұлы Қаратөбе ауылдық округінің әкімі міндеттерін уақытша атқару үшін қабылданды.
Зейнуллин Абат Кәрімұлы – 1980 жылы 31 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білім бар, 2002 жылы мемлекеттік Батыс Қазақстан аграрлық университетінің «Мал дәрігерлік медицина» мамандығын және 2008 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық институтының «Есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2003 - 2005 жылдары аудандық жасөспірімдер, туризмі және экология орталығының шаруашылық меңгерушісі қызметінен бастаған.
Сонан соң, 2005 – 2008 жылдары Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2008 – 2011 жылдары Қаратөбе селолық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.
2011–2015 жылдары Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2015 - 2019 жылдары Егіндікөл ауылдық округінің әкімі.
2019 жылдың қараша айынан қазіргі уақытқа дейін Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметінде болды.
Жанұялы 2 ұл, 2 қызы бар.
Аудан әкімі Ж.Асантаев жаңадан тағайындалған ауыл әкімін жаңа қызметімен құттықтай келе, өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн бар күш-жігерін салуына тілек білдірді.