Өтініштерді қабылдау: 2024 жылғы 3 маусым - 3 шілде аралығы.
Қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі 17, төменгі зал, анықтама үшін телефон: 8 (71145) 31199. Конкурсқа қатысуға өтінімдер (конкурстық өтінім) 2024 жылғы 3 шілде сағат 17:30-ға дейін қабылданады.
Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы мөрленген конвертте береді. Конвертте көрсетілуі керек: қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектісі), байланыс ақпараттары, берілген күні. Өтінім тігілген және нөмірленген болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінім келесі құжаттардан тұрады:
1) конкурстық құжаттаманың 2-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
2) өтініш берушінің немесе өкілінің сенімхат бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) ұйымның нысанын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы – тіркеу туралы куәлік/талон, заңды тұлға – мемлекеттік тіркеу(қайта тіркеу) туралы куәлік);
4 эскиздік жобаның көшірмесі немесе стационарлық емес сауда объектісінің фотосуреті;
5) өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (келісім шарттардың көшірмесі, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер учаскесінің болуы туралы мәліметтер және т. б.);
6) салық органының салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы анықтама.
Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялылығын конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды және оны ұсынған тұлғаларға қайтарылады.
Конкурстың қорытындысы конкурс комиссиясының отырысы өткеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қаратөбе ауданы әкімдігінің http://www.gov.kz ресми сайтында жарияланады.
Қаратөбе ауданы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
|
№ |
Нақты орналасу орны |
Алатын алаңы (шаршы метр) |
Стационарлық емес сауда объектісінің түрі |
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) |
Қызмет саласы |
Жақын орналасқан инфрақұрылымы |
|
1. |
Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі №12А, «Гүлрайхан» дүкенінен сол жақта |
360 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
«Гүлрайхан» дүкені |
|
- № 1 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
- № 3 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
- № 4 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
- № 5 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
- № 6 орын |
60 |
|
|
|
|
|
|
2. |
Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Б.Қаратаев көшесі №13, «Маржан» дүкенінен оң жақта |
50 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
«Маржан» дүкені |
|
- № 1 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
3. |
Қаракөл ауылдық округі, Ақтай сай ауылы, Қазақстан көшесі, №10 үйге қарама-қарсы |
50 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
Жоқ |
|
- № 1 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
4. |
Жусандой ауылдық округі, Жусандой ауылы, Жамбыл көшесі, №22 үйге қарама-қарсы |
60 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
Жоқ |
|
- № 1 орын |
30 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
30 |
|
|
|
|
|
|
5. |
Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Бейбітшілік көшесі, №8 үйге қарама -қарсы |
50 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
Жоқ |
|
- № 1 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
6. |
Егіндікөл ауылдық округі, Егіндікөл ауылы, М.Маметова көшесі, №4 үйге қарама-қарсы |
50 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
«Ақбота» дүкені |
|
- № 1 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
- № 2 орын |
25 |
|
|
|
|
|
|
7. |
Сулыкөл ауылдық округі, Қалдығайты ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №5 үйге қарама-қарсы |
150 |
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
Жоқ |
|
- № 1 орын |
50 |
|||||
|
- № 2 орын |
50 |
|||||
|
- № 3 орын |
50 |
|||||
|
8. |
Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Қаржауов көшесі, №11, мәдениет үйі ғимаратына қарама-қарсы |
150
|
Автодүкен, автомат, дүңгіршек, жылжымалы сөре, шатыр (павильон) |
3 |
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары |
«Зере» дүкені |
|
- № 1 орын |
50 |
|||||
|
- № 2 орын |
50 |
|||||
|
- № 3 орын |
50 |
Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру
орындарын бөлу бойынша конкурстық құжаттамасы
«Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ комиссиясының шешімі (хаттама) негізінде жеңімпазды №1 қосымшаға сәйкес шарт жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді.
СЕСО «Қаратөбе ауданы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Қаратөбе ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес орналастырылады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі: конверттерді ашу және қорытынды шығару.
2.1. Конкурсқа қатысуға конкурстық құжаттаманың талаптары мен шарттарына сәйкес рәсімделіп, белгіленген мерзімде өтінім берген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
2.2. Конкурсқа қатысушы тарату немесе төлемге қабілетсіз (банкрот) деп тану процесінде болмауы керек, оның қызметі конкурсқа қатысуға өтінім беру және қарау кезіндегі тоқтатылған болмауы керек.
2.3. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге жататын салықтарды, алымдарды, айыппұлдар мен санкцияларды төлеу бойынша орындалмаған міндеті бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алмайды.
3.1. Конкурс өткізу бойынша хабарландыру келесі ақпаратты қамтиды:
1) конкурсқа қатысу тәртібі;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің мерзімі;
3) қажетті құжаттар тізімі;
4) конкурс қорытындысын шығару және жариялау мерзімі.
талаптар.
4.1. Конкурсқа қатысуға өтінімді қатысушы жабық конвертте тапсырады. Конверттің сыртында қатысушы туралы мәліметтер (кәсіпкерлік субъектілері), байланыс телефондары көрсетілуі қажет.
4.2. Бірнеше орынға өтінім беруге қатысқан жағдайда, әрбір орынға жеке өтінім беріледі.
4.3. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қатысушының арызы мен растайтын құжаттарының көшірмелерінен тұрады.
4.4. Конкурсқа қатысуға өтініш нысаны қоса беріледі (қосымша №2).
4.5. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылмайды.
4.6. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурсқа тапсырылған өтінімдерде қамтылған мәліметтер және ақпараттың құпиялығын, конверттерді ашқанға дейін оның жабық түрінде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4.7. Қатысушы өтінімді конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғанға дейін кез келген уақытта өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
5.1. СЕСО «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына, өрт қауіпсіздігі қағидаларына сай болуы керек.
5.2. Меншік иелері өз объектілерінің сыртқы келбетінің күтімін қамтамасыз етуге, оларды таза ұстауға, маңдайшалардағы, құрылымдық элементтердегі зақымдануларды уақытында қалпына келтіруге, тиісті аумақтарды санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты ұйымдастыру және тазалық пен ұқыптылықты қамтамасыз етуді ұйымдастыру ережелеріне сәйкес іргелес аумақты тазартып, абаттандырады.
5.3. Сатылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек және олардың алыну көзін көрсететін, сондай-ақ олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоса берілуі керек.
5.4. СЕСО-нің сәулеттік келбеті шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның ұсынылған эскизіне сәйкес болуы керек.
5.5. Сатылатын өнімдердің бағалары туралы ақпараттық стендерді орналастырады.
5.6. Стационарлық емес сауда обьектілерінің иелері объектілерінің аумағында жеке кәсіпкерлік (ИП) және заңды тұлға бойынша ақпараты орналастырады.
5.7. Стационарлық емес сауда обьектілерді жарықпен қамтамасыз етеді (қажеттілікке қарай).
5.8. Стационарлық емес сауда обьектілерінің жанында биодәретханаларды орналастырады (қажеттілікке қарай).
5.9. Жалға берілген аумақты басқа тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға беру фактісі анықталған жағдайда СЕСО орналастыру үшін орын берудің күші жойылады, тексеру актісі жасалғаннан кейін хабарлама беріледі және 14 күн ішінде алынып тастауға жатады.
6.1. Жеңімпаз келесі 3 негізгі қағидалар бойынша анықталады:
1) тауарларды сату бойынша:
- жеке өндірісі - 5 балл;
- жергілікті тауар өндіруші - 3 балл;
- Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері - 2 балл;
- басқа тауар өндірушілер – 1 балл.
2) құрылатын жұмыс орындарының саны бойынша:
- әр бір жұмыс орны - 1 балл;
- мүмкіндігі шектеулі жанды жұмыстандыру – 1 балл;
3) өнім ассортименті бойынша:
- тиісті аумақта жоқ тауарларды сату – 5 балл;
-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімінен тауарларды сату – 4 балл.
Сондай-ақ, жеңімпазды анықтау кезінде конкурстық комиссия сауда объектісінің сәулеттік келбетін, қатысушының әлеуметтік мәртебесін ескереді.
Бір орынға бір өтінім берілген жағдайда, орын бөлу туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
Белгілі бір лотқа өтінім болмаған жағдайда, конкурс осы лот бойынша ғана өтпеді деп есептеледі және қайта өткізілетін болады.
2 немесе одан да көп қатысушының өтінімдері бірдей болған жағдайда жеңімпаз жақын орналасқан инфрақұрылымды ескере отырып, сатылатын өнімнің ассортименті және ұсынылған ең жақсы шарттар бойынша анықталады.
Бір қатысушыға СЕСО орналастыруға бөлінетін орындарының саны конкурстық комиссияның шешімі бойынша анықталады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер оған конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер қатысса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін ретінде қарайды.
Өтінім талаптарға сәйкес келмеген немесе онда құжаттар жетіспеген кезде өтінім комиссияны қараудың 2-кезеңіне жіберілмейд.
7.1 Ұйымдастырушы жеңімпазға шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлайды.
7.2 Конкурстың жеңімпазы хабардар етілген күнен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоюы тиіс.
7.3 Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде ұйымдастырушыға СЕСО орналастыруға қол қойылған шартты ұсынбаса, онда мұндай жеңімпаз шарт жасаудан жалтарған деп танылады.
Қаратөбе ауданындағы
стационарлық емес сауда объектілерін
орналастыру орындарын бөлу бойынша
конкурстық құжаттамаға
№2 қосымша
Өтініш
Қаратөбе ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға
Өтініш беруші ___________________________________________________
Заңды (үй) мекен-жайы_____________________________________
Аты-жөні _________________________________________________________
ЖСН / БСН өтініш берушінің байланыс телефоны ______________________
Эл. пошта (болған жағдайда) ______________________________________
Сізден__________________________________________________________________________________________________________________________ (стационарлық емес сауда объектісінің атауы)
орналастыру үшін орын бөлуді қарастыруды сұраймын
іске асыру үшін ____________________________________________________
мекен-жайы бойынша:_______________________________________________
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру тәртібі мен талаптары туралы ережемен таныстым _____________________( қолы).
Осы өтінішпен кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тарату және банкроттық рәсімі жүргізілмейтінін, қызметі тоқтатылмағанын растаймын _____________________ (қолы).
Осы өтінішпен СЕСО-ны орналастыру кезінде міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті барлық материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие екенімді растаймын осы өтінішпен СЕСО -ны орналастыру кезінде міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті барлық материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына ие екенімді растаймын _______________ (қолы).
Өтінішке стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы ереженің талаптарына сәйкес ресімделген құжаттар топтамасын қоса беремін.
Өнім туралы мәліметтер:
т. б.) _____________________________________
___________________________________________
«____» ____________ 20__ж. ____________________________
(өтінішті беру күні) ( аты-жөні, қолы)