Комиссия отырысы оздырылды

Комиссия отырысы оздырылды

Комиссия отырысы оздырылды

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2024 жылғы 30 сәуір күні өткізілді. Күн тәртібінде Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен атқарылған жұмыстар туралы және мектеп ішілік бақылауға алынған тәртібі қиын балалармен  тәлімгерлік жұмыс туралы мәселелер қамтылды. Жиында сөз алған Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы І.Есқазиева, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Салахаден және Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллиндер атқарылған жұмыстары жөнінде хабарлама жасады. Атқарылған істерге оң баға беріліп, жиын соңында Комиссия төрағасы тиісті мекемелерге тапсырмалар беріп жиынды қорытындылады.