Қардың суға айналып, еритін қасиеті бар. Ал егер қар мол болса еріген қардың әсерінен пайда болатын су деңгейі көтерілуі мүмкін. Аудан орталықтарында және ауылдардың көшелерінде қардан тазарту жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар жауапты, ал жеке меншік секторларында сол меншіктің иелері. Қардың қарқынды еруі немесе жауын-шашынның түсуі кезінде елді мекендердегі аула маңы аумақтарын су басып жатады.
Осы жағдайлардың басты себептерінің бірі жеке тұрғын үйлерде тұратын кейбір тұрғындар қыс мезгілінде аулаларын қардаң тазартпауы болып табылады. Қардан уақытылы тазартпау және тұрғын үйдің фундамент биіктігінің төмендігіне байланысты көктемде қар еріп тұрғын үйлерді су басып жатады. Мұндай жағдайлар ауданымызда жыл сайын тіркеледі. Осындай қарапайым шараларда сақтамауларынан тұрғындардың өздері зардап шегіп жатады. Сондықтанда, құрметті аудан тұрғындары, көктем уақытында туындайтын су басуды қысқы уақытта алдын алуға болады. Ол үшін ауланызды қардан тазалағаңыз жөн.