Спорттық бағдарлаудан жүлдегер атанды

Спорттық бағдарлаудан жүлдегер атанды
23-25 ақпан күндері Бәйтерек ауданында шаңғымен спорттық бағдарлаудан кіші жасөспірімдер және ардагер спортшылар арасында облыстық ашық турнир оздырылды. Ашық турнирге ауданымыздан Қаратөбе балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының командасы қатысып, жүлделі орындардан көрінді.
Өңірімізде спорттық бағдарлауды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында өткен жарысқа Ақтөбе облысынан, Орал қаласынан, БҚО аудандарынан командалар қатысты.
Шаңғымен спорттық бағдарлау жарысына қатысушы жасөспірімдер «Спринт қашықтығы», «Орта қашықтық» сайыстары бойынша өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысында «Спринт қашақтығында»:
М10-Төлеуғали Нұртілек І орын,
Ж12-Карим Рысханым ІІІ орын,
М12-Сакен Елхан І орын
М14-Аманжол Мұратбек ІІ орын
Ж16-Амандық Зерда ІІІ орын.
«Орта қашықтығы» бойынша:
М10-Төлеуғали Нұртілек І орын
Ж12-Карим Рысханым ІІІ орын
М14-Аманжол Мұратбек ІІ орын.
Қаратөбелік өрендер жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі ІІ орыннан көрінді.
Аудан атынан жарысқа қатысушы команда жетекшілері Қаратөбе балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтары Асылбек Айболатов, Еркебұлан Габдуллин.