Бүгін партиялық бақылау комисиясы төрағасы Н.Мендешов, аудандық ТЖ бөлімі бастығы М.Искаков, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Б.Муса, партия төрағасы А.Зейнуллин Қалдығайты өзені арнасының жай күйін қарады.
-Биыл су мол болатыны анық, жоғарыдан мұз- сең келсе, көпірді шәйіп кету қауіпі бар. Осы мәселенің алдын алу мақсатында былтыр күзде су арнасын бұру, қауіпсіз аймақпен өтуі үшін жұмыстар атқарылған. Ауылға су кіру қауіпі бар сайлардың топырағы көтерілді, су келген жағдайда ситуацияға байланысты әрекет жасалатын болады, қазір дайындық жұмыстары пысықталды, - дейді кездесуде ауыл әкімі Б. Муса.
Сонымен қатар ауыл ішіндегі көшелердегі қар шығару жұмыстары жалғасып, бүгінгі таңда Қ.Жұмалиев,Ғ.Құрманғалиев көшелерінен 2250 куб қар шығарылған. Алдағы күндері Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, С.Датұлы көшелерінің қары шығарылады деп жоспарлануда.
Аудандық ТЖ бастығы М.Искаков қауіпті аймақтар есепке алынғаның, ауыл ішіндегі қар суы ағатын қауіпті көшелер бақылауда болатының жеткізді. Кездесуде аудандық мәслихат төрағасы Н.Мендешов су тасқынына байланысты барлық мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Барлық службалар бекітілген алгаритм бойынша жүйелі жұмыс атқару керектігін, көктемгі су тасқынын абыроймен өткізіп бірлесіп шешу мәселелеріне тоқталды.
Бұл ретте аудандық маслихат депутатарыда қауіпті аймақтарға бекітілгендігін ескертті.